Следите за новостями

Цифра дня

744 млрд тенге — выручка Казахтелеком в 2024 г.

    Елімізде жел электр станциясын салуға ниетті компаниялар арасында аукцион өткізілді

    Қазақстанда жаңартылған энергия көздерін дамытуға басымдық беріліп отыр. 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті 15%-ға дейін жеткізу жоспарда бар.

    17 апреля 2025 11:06, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Өткен жылдың қорытындысы бойынша ЖЭК үлесі 7%-ға жетті. Былтыр қуаты 3000 МВт-тан артық ЖЭК іске қосылды. Биыл 400 МВт-тан астам қуат іске қосылмақ. Бұл жайында ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов ОКҚ алаңында айтты. Оның мәлімдеуінше, биыл ірі 1 мың МВТ-тық ЖЭК, яғни жел электр станциясын салу бойынша аукцион өткізілді.

    «Қазақстандық инвесторларды тартып, 4 ірі компания қатысып, жақсы нәтиже болды. 1 мың МВт, қосымша 300 МВт тиісті аккумуляторлық энергияны сақтау механизмдерімен бірге жасалып жатыр. Сондықтан жалпы осы энергетиканың даму мәселесін қарастырып жатырмыз. Әрі қарай қосымша электр желілерін де дамыту мәселесі бар. Ірі халықаралық жобаларға да қатысып жатырмыз. Оңтүстік өңірлерді сумен қамтамасыз етуге байланысты көрші Қырғызстан, Өзбекстан елдерімен ынтымақтастық орнаттық. Қырғызстанмен „Қамбар ата“ су электр станциясын салу жобасына бірге дайындық жасап жатырмыз. Ол тек сумен ғана қамтамасыз етпей, Орталық Азияның энергетика жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне үлкен әсер тигізеді», — деп қорытындылады спикер.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.