Следите за новостями

Цифра дня

744 млрд тенге — выручка Казахтелеком в 2024 г.

    Жаңа ауруханалар салу, дәрігерлерге қолжетімділікті кеңейту және цифрлық технологияларды енгізу: Мемлекет басшысының тапсырмалары қалай жүзеге асырылуда

    Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігін жақсарту және қызмет сапасын арттыру жөніндегі жүйелі шараларды іске асыруды жалғастыруда.

    17 апреля 2025 10:04, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Аталған жұмыстың негізгі бағыттары — инфрақұрылымды дамыту, медициналық қызметтерге қолжетімділікті жеңілдету және саланы ауқымды цифрландыру. Президенттің тапсырмасына сәйкес, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық нысандардың ауқымды құрылысы жүргізілуде. Жоспарланған 655 медициналық нысанның 460-ы аяқталды. Оның 361-і 2024 жылы, ал биыл тағы 195 медициналық мекеме пайдалануға беріледі.

    Медициналық көмектің сапасын одан әрі арттыру үшін денсаулық сақтау саласын цифрлық трансформациялау жүріп жатыр. Бірыңғай цифрлық инфрақұрылым құрылуда, пациенттердің ыңғайлылығы мен медперсонал жұмысының тиімділігі үшін жаңа тәсілдер енгізілуде. Қазірдің өзінде медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесін енгізуге пилоттық тестілеуден өтуде. Сондай-ақ цифрлық денсаулық сақтау үшін негіз болатын Медициналық деректердің бірыңғай қоймасы қалыптастырылды.

    Дәрілердің ашықтығы мен қауіпсіздігін арттыру үшін таңбалау және қадағалау жүйесі енгізілді. «Әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы науқастар 1,7 млн электронды рецепт бойынша дәрі-дәрмектер алды — енді бұл жоба барлық мемлекеттік медициналық мекемелерді қамтиды.

    Сонымен қатар анықтамалардың сегіз түрі, соның ішінде аурухана мен медициналық кітапшалар электронды форматқа ауыстырылады, бұл емделушілер мен дәрігерлердің уақытын айтарлықтай үнемдейді.

    Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде жүзеге асырылатын кешенді шаралар жаңа ауруханалар салудан бастап медициналық көмекті қолжетімді, сапалы әрі заманауи ететін цифрлық шешімдерге дейінгі денсаулық сақтаудың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.