Қазақстандық ғалымдардың ЖИ-платформасы иммундық статусты анықтайды
Жай ғана қан талдауы иммундық жүйеңіздің жағдайын 99% дәлдікпен анықтай алады.
Бұл қазақстандық ғалымдар Игорь Пономарев пен Нұрлыбек Үдербаевтың еңбегінің жеміс. «Ұлттың иммундық портреті» жобасы аясында олар жасанды интеллектінің көмегімен жалпы қан талдауы бойынша адамның иммунитетін бағалайтын ImmuniGuide инновациялық платформасын әзірледі. Біз 12 сәуірде атап өтілетін Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында осы бірегей жобаның авторларымен кездестік.
Қазақстандық ғалымдардың «Ұлттың иммундық портреті» жобасы Қазақстан халқының иммундық жүйесінің жай-күйін терең зерттеуге бағытталған. Immuniguide платформасы математикалық алгоритмдер мен жасанды интеллект технологиялары арқылы жалпы қан талдауының көрсеткіштерін талдайды. Аталған қазақстандық жоба патенттелген.
«Бұл қарапайым жүйе десек те болады. Ол дайын талдауларды оқып, зертханалық нәтижені өңдейді. Иммундық жүйенің жай-күйінің нақты көрсеткіші беріледі. Платформа резервті ғана емес, сондай-ақ адамның ағзасындағы назар аударуды қажет ететін қандай жасырын инфекциялар барын көрсете алады», — дейді платформа авторларының бірі, инновациялық медицина ғылыми-клиникалық орталығының жетекшісі медицина ғылымдарының докторы Нұрлыбек Үдербаев.
ImmuniGuide платформасы — бұл дербес медициналық технологияның елдің биоқауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызды болғанда. Адамдар иммунитетінің жай-күйі туралы деректер қауіптің алдын алуға, жаппай аурулардың салдарын бағалауға, осал топтарды бақылауға, алдын алу және емдеу шараларын жекелендіруге мүмкіндік береді.
«Платформаныі көмегімен ұлттың болашағын болжауға болады. Сондықтан біз жобаны „Ұлттың иммундық портреті“ деп атадық, яғни халықтың денсаулығы 5-6 жылдан кейін қандай болатынын түсінуге болады», — деп атап өтті Нұрлыбек Үдербаев.
ImmuniGuide бірден бірнеше ғылыми-технологиялық жетістіктің көрінісі. Біріншіден, жүйе нақты мәлімет береді: иммунитетті бағалау нәтижелері тәжірибе барысында да, ғылыми тұрғыдан да расталды және 98,7% жетті. Екіншіден, AI модулі ауқымды медициналық деректерді бірден өңдеп, кез келген тілде егжей-тегжейлі, түсінікті есептер дайындайды.
Жоба авторларының айтуынша, әлемде мұндай технологияның аналогы жоқ, бұл қазақстандықтар ашқан жаңалық.
Алдымен ImmuniGuide елордалық онкологиялық клиникалардың бірінде қолданысқа енгізіліп, дәрігерлерге пациенттердің жағдайын бақылауға көмектесті.
«Платформаны күнделікті жұмысымызда пайдаланамыз. Біздің жобаны жаппай скринингте де, прецизиондық медицинада да қолдануға болады», — дейді Онкологиялық оңалту ғылыми-клиникалық орталығының ғылым және емдеу жұмысы жөніндегі жетекшісі профессор Игорь Пономарев.
Қазақстандықтар үшін ағзаға иммундық Chek-UP жасау тегін.
Telegram-арнада «Иммуногид» чат-ботын іске қосу қажет, онда жоба туралы ақпарат пен пайдалану жөніндегі нұсқаулық бар. Жалпы қан талдауының нәтижесін PDF форматында немесе оның сапалы суретін жүктеу керек. Қорытынды 1 минут өткен соң дайын болады.
Бүгінгі күні біз қолданып жүрген, әрі онсыз өмірімізді елестете алмайтын көптеген нәрселер — ғылымның жемісі. «Ұлттың иммундық портреті» жобасының тарихы — қазақстандық ғалымдардың еңбегі мен таланты ілгерілеуге ықпал етіп, өмірімізді жақсартатынына жарқын мысал бола алады.