Следите за новостями

Цифра дня

Более 2,3 млн обращений поступило в iKOMEK109 по итогам 2024 года

    «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін көшіп-қонушылардың қозғалысын есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылуда

    Көші-қон процестерін реттеу жүйесін цифрландыру ЕХӘҚМ қызметінің басым бағыттардың бірі болып табылады.

    31 марта 2025 16:07, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Осы орайда, Migration.enbek.kz порталы әзірленді, бұл келу мақсатына қарамастан Қазақстанға келетін шетелдік азаматтардың бірыңғай есебін, сондай-ақ көші-қон ағындарының мониторингі мен бақылауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

    Оның айтуынша, бұл жұмыс кезең-кезеңмен жүргізілуде. 2024 жылдан бастап жүйеге 15 қызмет енгізілді, 2025 жылы 3 қызметті іске қосу жоспарда бар.

    «Осы шаралардың барлығы „Бір терезе“ қағидаты бойынша жұмыс істейтін көшіп-қонушылардың қозғалысын есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құруды көздейді. Жалпы, көші-қон саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар Министрліктің тұрақты бақылауында», — деді вице-министр.

    Жалпы, бүгінде көші-қон заңнамасын жетілдіру мақсатында министрлік заңнамалық бастамаларды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.