Следите за новостями

Цифра дня

Более 2,3 млн обращений поступило в iKOMEK109 по итогам 2024 года

    Көші-қон саласын цифрландыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр

    ІІМ Көші-қон қызметі 3 бағытта жұмыс істейді.

    31 марта 2025 15:02, Profit.kz
    Рубрики: Qazaq IT

    Олар: азаматтарды құүжаттандыру мен тіркеу, шетелдіктерге рұқсат құжаттарын беру және көші-қон бақылауын қамтамасыз ету. Осы салада бірқатар жұмыс жүргізіліп жатыр. Мысалы, құжаттандыру бойынша, балалар паспорттарының төлемі 2 есеге төмендеді. Құжаттарды бірер күнде даярлау бағасы азайды. Сыртта жүрген азаматтарға паспорт қолжетімді болу үшін 58 шет мемлекеттерде орналасқан Қазақстанның елшіліктерінде консулдық арнайы  автоматтандырылған орындар ашылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов ОКҚ алаңында айтты.

    Оның хабарлауынша, бұрын қағаз түрінде жүргізілген құжаттандыру процестері электрондық форматқа ауыстырылды. Паспорттарды беру мерзімі 6 айдан 30 күнге дейін қысқарды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік емес АҚ қоғамымен бірлесе отырып, ХҚКО-да іске қосылған құжаттандыру терминалдары екі жылдан бері өзінің оң нәтижесін беруде. Жалпы, бұл салада цифрландыру жұмысы әлі де жалғасуда.

    «Елімізге келетін шетелдіктерге инвестициялық және туристік тартымдылықты арттыру үшін елеулі шаралар қабылданды. Бүгінде 87 елдің азаматтары елімізге визасыз кіре алады. 109 елдің азаматтары электрондық визаны ресімдей алады. Соңғы жылдары елге келуші шетелдіктер саны артуда. Былтыр елімізге 15 млн астам шетелдік кіріп-шықты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн-ға артық. Биыл Қазақстанға 2,8 млн шетелдіктің кіруі белгіленді. Келушілердің 40%-ын өзбекстандықтар құрайды. Екінші орында — Қырғызстан азаматтары. Одан кейін — Ресей азаматтары. Олардың көбі қайта шығады. Ал елде тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер саны 200 мыңға жуықтады. Олардың 50 мыңы — қандастар. 87 мыңы — Ресей азаматтары, 49 мыңы — Өзбекстан, 11 мыңы — Қырғызстан азаматтары. Көбі Астана, Алматы қалаларында және Алматы мен Қарағанды облыстарында тұрып жатыр», — деді спикер.

    Жыл басынан бері 76 мыңнан шетелдік полициядан уақытша тұруға рұқсат алды. Олардың 90%-ы еңбек ету мақсатында келген.

    Подписывайтесь на каналы Profit.kz в Facebook и Telegram.